Abay Omar

Идеал жігіт

Кітап дизайны

"Идеал жігіт" — кітабы қазіргі қазақ қоғамындағы ер азаматтардың мінез-құлқы, ой-өрісі және моральдық құндылықтары туралы кеңінен талқылайтын, бала тәрбиесі, соның ішінде ұл баланың тәрбиесіне негізделген туынды. Кітаптың сыртына қарасаңыз алғашқыда қолына дүрбі ұстап, алысқа көз салып отырған жігіттің бейнесін көресіз. Сұлба арнайы сызықтар арқылы берілген.

Кітаптың мұқабасын жасау барысында дизайнерлер алғашқыда нағыз идеал жігіттің болмысын ашуға тырысты. Мінсіз жігіт дегеніміз оқыған, білімді, отбасына да, кәсібін де тең ұстайтын азамат.

Сол себепті, негізгі фишка ретінде екінші бет ұсынылды. Ол жерде нағыз азаматқа тән болмыстарды байқауға болады.

Кітаптың әр бөлімі алғашқы мұқаба идеясынан тарайды. Шрифттердің қатаң пішінін сақтауға тырыстық. Ер азаматпен ассосация тудыратын көк түс қолданылды.

Кітапты автордың қалауына сәйкес барынша минималистік стильде жасалды. Бөлімдер де атауына сай безендірілді.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия
Мұқаба дизайнері — Айпана Кенже
Беттеген — Томирис Есқали
Жоба менеджері — Гульмира Екпінова