Abay Omar

Passo

Брендинг

Passo компаниясы аяқ киім тазалаумен айналысады. Passo сөзінің өзі итальян тілінен аударғанда қадам дегенді білдіреді. Компанияға брендинг ашылған сәтінде жасалды. Содан бері студия ұсынған бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 25 филиалы бар. Тіпті, Қырғызстан елінде де өз франшизасын ашып үлгерді.

Passo компанияның брендинг кезінде қойған талаптарының бірі - атауы мен компанияның болмысын толық ашатындай логотип жасап шығу.

Компания логосында аяқ киім тазалауға керек ең негізгі құралдарды көрсетуге тырыстық. P - бұл щетка. А болса тазалау кезінде қолданылатын спрейдің абстаркты бейнесі. Екі s-ті біріктіріп, ол арқылы суды бердік. Ал о әрпі көбікті көрсетеді.

Брендингтен бөлек, упаковка, интерьер дизайнын да ұсындық.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Ольга Квон
Интерьер дизайнері — Шерхан Естау
Қаптама дизайнері — Нұрмұхамед Смағұл
Жоба менеджері — Гульмира Екпинова