Бұл – біздің студия әзірлеген ең ауқымды және жауапты жобалардың бірі болды. Логотип облыс әкімдігінің арнайы тапсырысымен жасалып, өңірдің мәдени, тарихи және рухани келбетін заманауи стильде көрсетуге бағытталды.
Негізгі мақсат — бұрынғы логотипті толықтай алмастырып, Абай өңірінің ерекшелігін кеңірек ашу еді.
Осы мақсатта біз Семей қаласына арнайы барып, аймақтың тарихы мен мәдениетін зерттедік. Егер алдыңғы нұсқа тек ақындық және әдеби бағытқа көбірек мән берсе, жаңа логотип өңірдің табиғи, тарихи және символдық байлығын біріктірді: екі киіз үйдің тоғысуы Абай мен Шәкәрімнің бірлігін бейнелесе, толқынды сызықтар Ертіс өзенін, ал «А» әрпінің пішіні – Орта Азиядағы ең үлкен аспалы көпірді еске салады.
Логотип дайын болғаннан кейін Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған арнайы мерейтойлық нұсқасы да жасалды. Жаңа аймақтық белгі енді ресми құжаттарда, мемлекеттік мекемелердің визуалды материалдарында және облыстық деңгейдегі іс-шараларда қолданылатын болады.
Команда
Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия Дизайнер — Дидар Жұмабекұлы
Жоба менеджері — Гульмира Екпинова