Abay Omar

AUYL JASTARY

Брендинг

«Auyl Jastary» — ауыл партиясының жастар бөліміне арналған заманауи әрі мағыналық тереңдігі бар визуалды айдентика жобасы. 

Бұл жобаға логотип әзірлеудегі басты мақсат — ауыл жастарының белсенділігін, еңбекке жақындығын және ел болашағын қалыптастырудағы рөлін заманауи графикалық тіл арқылы көрсету болды.

Жобаның негізіне ауыл өмірінің табиғи болмысы мен жастар қозғалысының идеясы алынды. Логотиптегі негізгі элемент — өңделген жердің ізін бейнелейтін үш сызық. Бұл символ еңбек пен дамуды, үздіксіз қозғалысты және ортақ мақсатқа бағытталған бірлікті білдіреді. Үш бағыт ауыл жастарының күшін, жаңа буынның бастамаларын және болашаққа деген сенімді бейнелейді.

Логотип құрылымындағы ерекше шешімдердің бірі — «A» әрпінің осы үш сызық арқылы қайта байланысуы. Бұл элемент жастардың тек үлкен қалада қалып қоймай, туған ауылына қайта оралып, өз білімі мен тәжірибесін елдің дамуына бағыттау идеясын білдіреді. Символикалық тұрғыда бұл — тамырға оралу, туған жермен байланысты үзбеу және ауыл болашағына үлес қосу философиясы.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия
Дизайнер — Нұрмұхамед Смағұл
Жоба менеджері — Гульмира Екпинова