Abay Omar

PRIVATE HOSPITAL

Брендинг

PRIVATE HOSPITAL 2004 жылдан бері қазақстандық медицинада сенім мен сапаның символына айналған заманауи көпсалалы клиника. Бүгінде PRIVATE HOSPITAL 60-тан астам бағытта қызмет көрсетеді. Студиямызға аталмыш клиника ребрендинг жасау идеясымен келген болатын.

Өйткені осыған дейінгі логотипі олардың клиника ретіндегі жаңа құндылықтарын аша алмады. Себебі, олар бұрын тек белгілі бір тұлғаларға қызмет көрсететін премияльды клиника болды. Алайда олар бағытын өзгертіп, халықтық клиникаға айналды.

Сонымен, бірнеше этапты жұмыстан соң, осындай логотип пайда болды. Логотиптің басты идеясы - клиниканың жаңа кезеңге қадам басқанын көрсету. Біз дәстүрлі медициналық символды заманауи түрде қайта ойнатып, оны өмір мен саулықтың белгісіне айналдырдық. Спираль - қозғалыс пен дамудың символы. Сонымен қатар, қос басты жылан бейнесіне ұқсас кескін, медицина пірі Асклепийдің қайта жандану мен емделу нышанына сілтейді. Түстері де жай ғана таңдалмаған: аспан көк - сенім мен тыныштықты, ал шөптің жасылы - өмір мен табиғилықты білдіреді.

Жоба аясында толыққанды брендбук дайындалды. Онда емхананың сыртқы сұлбасынан бастап, ішкі бағыттаушыларға дейін қамтылды. Брендинг арқылы емхана өзінің сапалы және заманауи болмысын айқындай түсті.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия
Дизайнер — Абылай Жақып
Жоба менеджері — Гульмира Екпинова