GoTourist —2019 жылдан бері Қазақстандағы тау туризмі мен outdoor мәдениетін дамытуға үлес қосып келе жатқан, тауға шығатын әрбір жанға жақсы таныс брендтердің бірі. Уақыт өте келе бренд нарықта өз орнын нығайтып, бірақ визуалды тілі жаңаруды қажет ете бастады.
Студиямызға GoTourist ребрендингі идеясымен жүгінген кезде, басты мақсат — брендтің бастапқы мәнін жоғалтпай, оны заманауи деңгейге көтеру болды. Бұрынғы логотиптің негізінде үш шыңнан құралған тау бейнесі жатқан еді.
Осылайша бірнеше кезеңдік зерттеу мен қайта ойлау процесінен кейін жаңа логотип дүниеге келді. Негізгі идея — брендтің эволюциясын көрсету және оны неғұрлым жинақы, айқын формаға келтіру. Сол себепті үш шыңның құрылымы екі шыңға дейін ықшамдалды. Бұл шешім брендтің бағыттылығын, нақтылығын және жаңа кезеңге өткенін білдіреді.
Сонымен қатар, бастапқы логотиптің танымал белгісі болған жылы, энергиялы қызғылт-сары түс сақталып қалды. Бұл түс GoTourist-тің белсенді, батыл және adventure рухын жоғалтпай, қайта күшейтетін негізгі элемент ретінде қайта өңделді.
Жаңа визуалды жүйе арқылы бренд өз болмысын сақтай отырып, анығырақ, заманауи әрі есте қаларлық формаға ие болды. Ребрендинг нәтижесінде GoTourist тек қызмет көрсетуші бренд емес, тұтас тау мәдениетін біріктіретін айқын визуалды идентификацияға айналды.
Команда
Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия, Ольга Квон Дизайнер — Назерке Бақытбай
Жоба менеджері — Гульмира Екпинова