Abay Omar

Astana Ballet

Брендинг

Біздің кезекті жобамыздың бірі және бірегейі – Astana Ballet театры. Театрдың негізгі мақсаты – көрермендерге жоғары сапалы өнер туындыларын ұсыну, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтау және дамыту.

2012 жылы құрылған Astana Ballet театры бізге алғашқыда мерчтер дайындау бойынша келген болатын. Кейін брендке жан-жақты зерттеу жүргізе отырып, алғашқы идеясынан ауытқымай ребрендинг жасауға шешім қабылдадық.

Astana Ballet театрымен жұмыс барысында қойылған талаптардың бірі — қалыптасқан Азия және Еуропа театр дәстүрлері мен "Ертеңгіні жаңғырта — Ертедегі сақталар!" ұранына сай айдентика қалыптастыру.

Балет өнерінде әр қойылымда басты назарға алынған элемент – бірінші тұрыс, яғни арқасымен жанасқан қос L әріптері. Бұл бейне балеринаның аяқтарының жаңа көрінісін білдіреді. Мұнда еліміздің терең тарихы мен болашаққа деген ашық көзқарас, осы екі түсініктің арасындағы бір мезет, қайталанбас сәт, сахнаны бейнелеу шешімі ұсынылған болатын. Astana Ballet ғимаратында да көрініс тапқан бұл таңба тарихи симметрия мен руналық қаріпте де байқалады. Бұл батыс өнеріне қазақи заманауи көзқарасты білдіреді.

Astana Ballet өзінің мерч өнімдерінде театр репертуарындағы қойылымдарға қатысты элементтер қолданылды. Барлық жерге "Ертеңгіні жаңғырта — Ертедегі сақталар!" атты театрдың слоганы жазылған.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия
Дизайнер — Әсем Әндір
Дизайнер — Айпана Кенже
Жоба менеджері — Гульмира Екпін
Моушн дизайнер — Данияр Иханбаев