Abay Omar

ASYR Hotel

Брендинг

ASYR қонақ үйі — елордадағы ең беделді, мәртебелі қонақ үйлердің бірі. Бұл жоба біздің студияға толық ребрендинг жасау міндетімен келді. 

Негізгі мақсат — бұрынғы логотипті толықтай жаңартып, Абай өңірінің бірегей болмысын тереңірек ашу, оның мәдени коды мен рухани философиясын бренд айдентикасына сіңіру болды.

Жобаны әдеттегідей жан-жақты зерттеуден бастадық. ASYR логотипі қазақтың киіз үйі бейнесінен шабыт алған. Бұл — ашық босаға мен қонақжайлықтың, ортақ шаңырақ астындағы бірліктің нышаны. Таңбадағы арка пішіндері жайлы кеңістік пен тыныштықты меңзейді, ал «Asyr» атауы қуаныш пен салтанатты, өмірдің шаттығын білдіреді.

Түс палитрасы табиғи ағаштың жылы реңдері мен алтын түске құрылды. Бұл — жайлылықтың, берекенің және жоғары деңгейдегі сервистің белгісі.

Фирмалық қаріпке де ерекше мән берілді. Әріптердің пішіні асқар тауларды, кең жазира даланы және ағынды өзеннің арналарын елестетеді. Бұл бейне табиғатпен үйлесімділікті, берік іргетас пен биік мақсатқа ұмтылысты сипаттайды.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия
Дизайнер — Дидар Жұмабекұлы
Жоба менеджері — Гульмира Екпинова