Abay Omar

1688 / Jana Post

1688 / Jana Post Брендинг 1688 – Қытайдағы ең ірі B2B платформаларының бірі, Alibaba Group компаниясына тиесілі. Ол көтерме саудаға арналған және негізінен Қытайдағы өндірушілер мен жеткізушілерге бағытталған. Бұл платформада тауарларды ең төменгі бағамен тікелей зауыттардан сатып алу мүмкіндігі бар. Jana Post – PinDuoDuo, 1688, Alibaba сияқты халықаралық платформалардан тауар жеткізумен айналысатын қазақстандық курьерлік қызмет. […]

Мейрамхана брендингі | ChuCha

ChuCha Брендинг Клиентіміз алғаш келгенде бізге бұл азиялық шай дәстүріне негізделген шағын кафе болатынын айтты. Логотип заманауи, тартымды болуы шарт еді. Біз компанияны және оның бәсекелестерін зерттей келе шаймен байланысты ең негізгі элементтерді анықтадық. Біріншісі шай ыдысы, екіншісі бұл шаймен қатар жүретін тәттілер. Оларды бір форма негізінде көрсеттік. Жаңа піскен, жаңа ғана дайындалған тағам екенін […]

Брендинг | Passo

Passo Брендинг Passo компаниясы аяқ киім тазалаумен айналысады. Passo сөзінің өзі итальян тілінен аударғанда қадам дегенді білдіреді. Компанияға брендинг ашылған сәтінде жасалды. Содан бері студия ұсынған бағыт бойынша жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 25 филиалы бар. Тіпті, Қырғызстан елінде де өз франшизасын ашып үлгерді. Passo компанияның брендинг кезінде қойған талаптарының бірі – атауы мен […]

Қаптама дизайны | Bioelixir

Bioelixir Қаптама дизайны BioElixir құрамында анар шырыны, годжи, папайя, зәйтүн және гуава жемістерімен, сондай-ақ қарбыз шырыны бар табиғи тағамдық қоспа. Өнім адам денсаулығы пен сергектігі үшін қажетті дәрумендермен, минералдармен және антиоксиданттармен қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ қабынуға қарсы, холеретикалық, іш жүргізетін процестермен күреседі. Өнімнің қаптамасын жасауда қойылған маңызды техникалық тапсырманың бірі – оның заманға сай дизайнда […]

Кітап дизайны | Retail: сауда құпиясы

Retail: Сауда құпиясы Кітап дизайны Бұл кітап ритейл саласындағы кез келген тауар кәсібінің сатылымын арттыруға арналған Қазақстандағы алғашқы туынды. Кітап авторы – Сәкен Ділімбет 15 жылдық тәжірибесімен бөлісе отырып, нақты практикалық тапсырмалар, инструменттермен сауда саласында рекорд орнатуды көздейді. Кітаптың мұқабасын дүкендермен тығыз байланысты пакет стилінде жасалған. Сонымен қатар этикетканы да байқай аласыз. Кітаптың мұқабасын жасау […]

Мейрамхана брендингі | Lapisa

Lapisa Брендинг Сәтпаев қаласында орналасқан мейрамханалар желісіне студиямыз ребрендинг жасады. Лаписа атауы дәмдеуіш негізінде жасалған. Сол себепті дәмдеуіш құрамы логотипте көрініс табады. https://abayomar.kz/wp-content/uploads/2024/06/Lapisa-1.mp4 Логотип идеясына Шығыс пен Орта Азия мәдениеті негіз болды. Аталған екі мәдениет инь-янь секілді үйлесім табады. Ұлттық құндылығымыз ою арқылы бейнеленді. Команда Шығармашылық директор — Абай Омар Арт-директор — Айдос Яхия Дизайнер […]

Мейрамхана брендингі | Oshaq

Oshaq Брендинг “Oshaq” — дәстүрлі қазақ мәдениеті мен қазіргі заманғы дизайнды біріктіретін ерекше жоба. Біздің мақсатымыз — қазақ халқының тарихи мұрасы, ұттық дастархан құндылығын сақтай отырып, оны бүгінгі күннің талабына сай бейімдеу. Ошақ дегеніміз – отбасының, үйдің жылуы мен берекесін білдіретін символ. Ол жерде от жағылып, тамақ дайындалады. Сонымен қатар, ол жерде отбасы мүшелері бас […]

Брендинг | Astana Ballet

Astana Ballet Брендинг Біздің кезекті жобамыздың бірі және бірегейі – Astana Ballet театры. Театрдың негізгі мақсаты – көрермендерге жоғары сапалы өнер туындыларын ұсыну, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтау және дамыту. 2012 жылы құрылған Astana Ballet театры бізге алғашқыда мерчтер дайындау бойынша келген болатын. Кейін брендке жан-жақты зерттеу жүргізе отырып, алғашқы идеясынан ауытқымай ребрендинг жасауға […]

Қаптама дизайны | Zigi Zagi

Zigi Zagi Брендинг Zigi Zagi лимонадтар нарығына ерекше әрі табиғи дәмімен кірген жаңаша өнім. Қазақстанда жасалған өнім екені атауынан түсінікті болғандықтан дизайнда негізгі акцентті дәмінен алар сезімдерге, сергітер дәміне және табиғи жеміс жидектерге қойдық. https://abayomar.kz/wp-content/uploads/2024/05/dkfkks.mp4#t=,-3 Лимонад құрамындағы алмұрт, анар, тархун, саперавиді қаптамаға қойдық. Осылайша тұтынушы бірден құрамымен таныс болады. Сонымен қатар, қаптама жемістердің түсіне сай […]

Кітап дизайны | Идеал жігіт

Идеал жігіт Кітап дизайны “Идеал жігіт” — кітабы қазіргі қазақ қоғамындағы ер азаматтардың мінез-құлқы, ой-өрісі және моральдық құндылықтары туралы кеңінен талқылайтын, бала тәрбиесі, соның ішінде ұл баланың тәрбиесіне негізделген туынды. Кітаптың сыртына қарасаңыз алғашқыда қолына дүрбі ұстап, алысқа көз салып отырған жігіттің бейнесін көресіз. Сұлба арнайы сызықтар арқылы берілген. Кітаптың мұқабасын жасау барысында дизайнерлер алғашқыда […]