Abay Omar

ChuCha

Брендинг

Клиентіміз алғаш келгенде бізге бұл азиялық шай дәстүріне негізделген шағын кафе болатынын айтты. Логотип заманауи, тартымды болуы шарт еді. Біз компанияны және оның бәсекелестерін зерттей келе шаймен байланысты ең негізгі элементтерді анықтадық.

Біріншісі шай ыдысы, екіншісі бұл шаймен қатар жүретін тәттілер. Оларды бір форма негізінде көрсеттік. Жаңа піскен, жаңа ғана дайындалған тағам екенін түсіндіру үшін оларға будың элементін қостық. Енді осыны логотипте көрсету қалды.

Ең алдымен, U әрпіне ыдыс формасын бердік. Келесі H әрпінің ортасындағы сызықшасына будың қозғалысын сыйладық. Бізде әріптердің формасы бір стильге келгеннен кейін, u әрпін қисайту арқылы c-ға келтірдік. Осылайша, СHU-дың соңы, СHA-ның басына айналды.

Лого негізінде оның упаковкаларының дизайнын, шай үйінің интерьерін жасадық.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия
Дизайнер — Нұрлан
Жоба-менеджері — Гульмира Екпинова