Abay Omar

Retail: Сауда құпиясы

Кітап дизайны

Бұл кітап ритейл саласындағы кез келген тауар кәсібінің сатылымын арттыруға арналған Қазақстандағы алғашқы туынды. Кітап авторы - Сәкен Ділімбет 15 жылдық тәжірибесімен бөлісе отырып, нақты практикалық тапсырмалар, инструменттермен сауда саласында рекорд орнатуды көздейді.

Кітаптың мұқабасын дүкендермен тығыз байланысты пакет стилінде жасалған. Сонымен қатар этикетканы да байқай аласыз.

Кітаптың мұқабасын жасау үшін дизайнерлер ритейлмен тығыз байланысты бірнеше ұғымды анықтады. Нәтижесінде пакетке тоқталды. Қағаз пакеттің таңдалу себебі де бар. Олар көп жағдайда қалыптасқан бренд дүкендерінде, бағалы, сапалы заттар ұсынатын жерде қолданылады.

Кітап дизайнымен қатар, клиент туынды мен қойын дәптер салынған арнайы қорапша дизайнын да керек етті.

Негізгі шарттардың бірі жай ғана кітап емес, сыйлық ретінде ұсынуға қолайлы, оқырманға да ұнамды болу керек.

Кітапта қолданылған негізігі түстер ашық қызыл мен көк. Ашық қызыл бірден көзге түседі және оқырман есінде сақталып қалады.

Клиент барлық ұсынған материалдарды қолдана отырып, өзінің өнімін шығарды.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия
Мұқаба дизайнері — Нұрмұхамед Смағұл
Беттеген — Томирис Есқали
Жоба менеджері — Гульмира Екпінова