Abay Omar

Sham Theatre

Брендинг

«Шам» театрының негізін кино және театр актерлері Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжіт және режиссер Фархад Молдағалиев қалаған. Театрдың мақсаты – тәуелсіз театр жобаларын жүзеге асыру үшін сапалы алаң құру.

Жоба барысында театрдың негізгі мақсаты – атауын ашатындай, кез келген платформаларда кеңінен қолданылатын логотип жасау болды. Студияға қойылған міндеттердің бірі – жаңа маусымның ребрендингі болды.

Логотиптегі «А» әрпі театр шымылдығын білдіреді. Ал оның төменгі жағында орналасқан символ «күлімсіреуді», «S» әрпінің астындағы символ мұңды білдіреді. Сонымен қатар, «А» әрпін 90 градусқа бұрсаңыз, көз бейнесін көре аласыз.

Төменде ребрендингке дейінгі театр логотипін көрсетіп отырмыз. Жоба барысында театрдың бастапқы бірегейлігінен алшақтамауға тырыстық.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Айдос Яхия
Дизайнер — Ерсұлтан Құмарұлы
Жоба-менеджері — Гульмира Екпинова