Abay Omar

Zigi Zagi

Брендинг

Zigi Zagi лимонадтар нарығына ерекше әрі табиғи дәмімен кірген жаңаша өнім. Компания отаны – Ақтөбе қаласы. Сол себепті атауға қаланың ұранына айналған атақты Zigi Zagi тіркесі таңдалды.

Қазақстанда жасалған өнім екені атауынан түсінікті болғандықтан дизайнда негізгі акцентті дәмінен алар сезімдерге, сергітер дәміне және табиғи жеміс жидектерге қойдық.

Лимонад құрамындағы алмұрт, анар, тархун, саперавиді қаптамаға қойдық. Осылайша тұтынушы бірден құрамымен таныс болады.

Сонымен қатар, қаптама жемістердің түсіне сай арнайы градиентпен толықтырылған.

Команда

Шығармашылық директор — Абай Омар
Арт-директор — Даурен Серікбаев
Дизайнер — Айдос Яхия
Жоба менеджері — Гульмира Екпинова